9 маусымда елімізде ауа райы құбылмалы болады
Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер 9 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Қазақстанның басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болатындықтан, тұрақсыз ауа райы сақталады. Ел боййынша найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте шаңды дауыл соғады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Атап айтқанда, Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында найзағай, бұршақ болады, күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м / с жетеді, түнде облыстың шығысында найзағай болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, шығыста және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м / с күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында күн күркірейді, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысында жел күшейіп 15-20 м/с, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай болады, орталығында, облыстың батысында, солтүстік-шығысында желдің күшеюі 16 м/с болады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста және облыстың таулы аудандарында – 15-20 м/с жел тұрады.
Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысындатөтенше өрт қауіпі сақталады.