09.06.2022, 00:27
Жаңалықтар
БҚО-да жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу басталды
фото: БҚО ПД/ instagram
БҚО-да жолаушылар автобуы мен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
8 маусым күні сағат 18:35-те Жәңгір хан көшесінде № 7 маршруттық автобустың және "Лада Калина" маркалы жеңіл автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды.
Апат салдарынан 2004 жылы туған жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу басталды», - делінген БҚО Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады