$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жеңілдетілген несиемен қай қалалардан үй алуға болады

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 10%-ды, сыйақы мөлшерлемесі 5%-ды құрайды
 

Қазақстанда жеңілдетілген несиемен қай қалалардан үй алуға болады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдетілген несие туралы жаңа мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

LS ақпарат агенттігінің жаузынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бағдарлама бойынша бастапқы жарна 10%-ды, сыйақы мөлшерлемесі 5%-ды құрайтынын атап өтті.

"Даму әлеуеті төмен жеті моноқалалар үшін (Алтай, Арқалық, Жаңатас, Жаңаөзен, Қаражал, Курчатов, Құлсары) ерікті қоныс аударушыларды қабылдаудың 21 қаласы анықталды (Атырау, Семей, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Зайсан, Шар, Тараз, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара және Ақтау)", - деп хабарлады ИИДМ.

Бүгінде Отбасы банкі жергілікті атқарушы органдармен азаматтардың қажеттіліктерін және сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптарды, сондай-ақ, қор есебінен жүзеге асырылатын қаражат мөлшері мен шарттарын айқындау үшін жұмыс жүргізуде. Алдын ала есептеулер бойынша, бағдарламаны іске асыруға жыл сайын шамамен 11 млрд теңге бөлінетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін Отбасы банкіне  жеңілдетілген ипотека бағдарламасын қарастыруды тапсырған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары