Сүңгуірлер өзеннің 88 900 м2 аумағын тексеріп шықты
Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінде сүңгуірлік жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстар өзен түбінің қазіргі жай-күйін тексеру, әртүрлі қоқыстардан тазарту, Есіл өзенінде түбін тазарту және жағалауды нығайту жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін су түбінде тұнба шөгінділерінің деңгейін және өзен тереңдігін айқындау үшін жүргізіледі.
Сүңгуірлер Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жасыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді.
Есіл өзені акваториясының түбін сүңгуірлік тексеру 88 900 м2 алаңда жүргізілді және түрлі қоқыстардан тазартылып, 889 нүктеде су түбі/тұнба шөгінділерінің деңгейі анықталды.
Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөңгелектері, сол сияқты өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды.