55 жастағы азамат көлікті басқара алмай жол апатына түскен
Ақтөбе облысында жеңіл көлік Қарақобда өзеніне батып кетті, 55 жастағы көлік жүргізушісі қаза тапты деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6 маусымда Daewoo Lanos автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданының далалы жолымен жүріп келе жатқанда рөлді басқара алмай, Қарақобда өзеніне аударылып кеткен.
Полицейлердің айтуынша көліктің ішіне су толып, жүргізуші тұншығып қалған.