Атырауға 66 тонна қант жеткізілді
Қазір дүкендерде қанттың бөлшек саудадағы бағасы 385 теңге
Атырауға Алматыдан 2 вагон қант жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Өңірге 1 маусымнан бастап екі вагон қант жеткізілген болатын. Қазір дүкендердегі қанттың бөлшек саудадағы бағасы 385 теңге. Енді сатылымға шығатын қанттың 1 кг 500-517 теңгеден басталады. Өйткені, жол бағасының қымбаттауы себеп болып тұр. Қант Алматы облысындағы Көксу қант зауытынан жеткізілуде. Алдағы уақытта тағы екі вагон қант келе жатыр. Олар жақын күндері облысқа жеткізіледі», - деді "Идеал маркет" ЖШС қойма логистикасы постының директоры Қ.Әлімбетов.
Қазіргі уақытта Идеал және Лидер супермаркеттері арқылы сатылымға шығарылды. Қалада аталған супермаркеттерінің 35 нүктесі бар.