Қызылорда облысында «Сулпак» дүкенінен өрт шықты
Өрттен келген шығын анықталып жатыр
2022 жылдың 6 маусымында сағат 23-тен 51 минут өткенде Қармақшы ауданындағы Төретам кентінің Жанқожа батыр көшесі №24 «А» мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайтын «Сулпак» сауда үйінің 275 шаршы метр болатын шатыры, төбе жабыны және тұрмыстық заттары толығымен жанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт сағат 00-ден 53 минут кеткенде оқшауланып, 01 сағаттан 15 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында өрт сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығыны анықталуда.
Оқиға орнында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» (10 қызметкер, 2 бірлік техника), Ресей Федерациясы №70 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі (13 қызметкер, 4 бірлік техника) өрт сөндіру жұмыстарын атқарды.