Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram парақшасында жариялады
«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында ілбіс фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітапқа» енген жануар бұған дейін де фототұзаққа бірнеше рет түскен болатын», - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.