Болашағына бей-жай қарай алмағандар референдумға қатысты – Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Ол іссапармен Түркістан облысында барып, сол жақта дауыс берген

Болашағына бей-жай қарай алмағандар референдумға қатысты – Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Атырау қалалық мәслихатының депутаты Айжан Сәрсенбаева өңір тұрғындарының 85 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Мен Атырау қалалық мәслихат депутаты іссапармен Түркістан облысында болдым. Еліміздегі өткен референдумға осы киелі Түркістан жерінде дауыс беріп, болашағымыздың жарқын болуы үшін таңдау жасадым. Бұл өңір – еліміздегі халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ. Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтардың саны да басқа өңірлерге қарағанда көбірек болды.

Түркістан қаласындағы №133 учаскесіне барып, өз дауысымды бердім. Халықтың белсенділігі өте жоғары болғанына куә болдым. Түркістан қаласы бойынша бас-аяғы 50 учаске жұмыс істеді. Қала бойынша азаматтардың келуі 85%-дан асты»,-деді Айжан Мақсұтқызы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.