Халық өзгерістерді күтіп отыр – Қостанай облыстық мәслихат депутаты
Ол референдум жаңашылдықтықтың бастамасы болады дегенге сенетін жеткізді
Қостанай облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршина халық референдумнан кейін үлкен өзгерістерді күтіп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Ол өз сөзінде әр азамат өзінің сана-сезіміне трансформация жасауы керек екенін, ауызбіршілігіміз мықты болса, еліміздің болашағы жарқын болатынын атып өтті.
«Референдум – еліміздің саяси аренасында болып жатқан тарихи оқиға. Даусымызды беріп, азаматтық борышымызды орындадық. Сайлау учаскесіне келген азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Агрессия мүлдем байқамадым. Бақылаушылардан бастап, алғашқы медициналық көмек көрсететін мамандарға дейін сақадай сай тұрды», - деді Қ. Жаңбыршина.
Депутат халықтың дәл қазір өзгеріс күтіп отырғанын да алға тартты. Референдум жаңашылдықтықтың бастамасы болады дегенге сенетін жеткізді.
«Әр азамат өзінің санасын жаңғыртса ғана ел болып ұйысып, «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз», - деді ол.