06.06.2022, 12:07
Жаңалықтар
Елордада референдум күні 65 бала дүниеге келді
Нәрестелер мен олардың аналары өздерін жақсы сезінеді
Фото ашық дереккөзден
Референдум өткен күні, яғни 5 маусымда елордада 65 бала дүниеге келді. Бұл мәліметті қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктары ұсынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Референдум күні елордада 65 бала дүниеге келді, оның ішінде: 36 ұл, 29 қыз. Нәрестелер мен олардың аналары өздерін жақсы сезінеді.
Айта кетейік, жаңа босанған аналар да, көп салалы ауруханалардың акушерлік блоктарында емделіп жатқан жүкті әйелдер де Конституцияға түзетулер бойынша дауыс бере алды. Осы мақсатта медициналық мекемелерде 35 арнайы сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы