Оның сөзінше, облыс тұрғындары Президентке сенім артып отыр
«Агро фирма Бірлік» ЖШС Бас директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Әбдіжапар Қыстаубаев өңір тұрғындарының референдумға белсенді қатысқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы облысының тұрғындары референдумға белсенді қатысты. Содан-ақ халықтың үміті зор екенін түсінуге болады. Мен дауыс берген учаскеде жұрт таңғы сағат 06:00-ден бастап дауыс беруге келді. Өзім үш учаскені аралап шықтым. Барлығында да сайлау жоғары деңгейде өтті. Әсіресе үлкен кісілер дауыс беруге ерте келуге үйренген.
Мен дауыс берген учаскеде сағат 12:00-де алдын ала тіркелгендердің 77%-ы дауыс беріп үлгерген болатын. Сайлау учаскесіне келген халық Жаңа Қазақстанның болашағына сеніммен қарайтынын, үміттенетінін айтып жатыр. Халық жаңа өмірге қадам басып, елде болып жатқан өзгерістер мен саяси ауыс-түйіске оң көзқараспен қарайды», - дейді Әбдіжапар Қыстаубаев.
Оның сөзінше, облыс тұрғындары Президентке сенім артып отыр, тиісінше халықтың әл-ауқаты жақсарып, табысы артады, балалардың болашағы бұлыңғыр болмайды, білімді жастарға жол ашылады деген үлкен сенім білдіріп отыр.