12 өңірде дауыс беру аяқталды: 7 млн 936 мың адам дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 67,65%-ын құрады

Фото: Батыр-Жан Беспаев

Республиканың 12 өңірінде және шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, республика бойынша сағат 20:00-дегі жағдайға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар 11 млн 732 мың 699 азамат енгізілген болатын. Оның ішінде 7 млн 936 мың 65 азамат дауыс берді. 

Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 67,65%-ын құрады.

«Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының дауыс беру туралы мәліметі 22:00-де беріледі», – деді Мұхтар Ерман.