Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр
Әркімнің өз таңдауын жасауға құқығы бар. Бұл ереже Өскемендегі перзентханаларда да сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бүгін жас және болашақ аналар ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумда ШҚО «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК ауруханасы – акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің қабырғасында дауыс береді.
Бүкіл Қазақстандағы сияқты, Ана мен бала орталығы №60 учаскесінің жұмысы таңғы 7.00-де басталды. Сайлау пункті қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда оларда перзентханадағы барлық жанға 250 бюллетень дайындалған.
«Перзентханада барлық ережелерді сақтай отырып, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктері бар жеке кабинасы бар сайлау учаскесі құрылды. Біздің сайлау комиссиямызда акушерлер, медбикелер, дәрігерлер жұмыс істейді. Олар арнайы нұсқамадан өтті», - деді Ана мен бала орталығының босандыру қызметінің басшысы Серікбол Күркімбаев.
Операциядан кейін, босанған немесе учаскеге келе алмайтын әйелдерге комиссия мүшелері дауыс беруге арналған жылжымалы жәшігімен палаталарға барады.
«Екі күн бұрын отбасымыз үшін көптен күткен қыз бала дүниеге келді. Ол – төрт ұлдан кейінгі бесінші балам. Бірақ бүгін ауруханада жатсам да, референдумға қатысуға мүмкіндігім бар», - дейді босанған әйелдердің бірі Әсем Сайдуова.
Айта кетерлігі, өткен тәулікте перзентханада 23 сәби дүниеге келді.