Республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59% бюллетень алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,18%, Алматы қаласы бойынша – 13,91%, Шымкент қаласы бойынша – 34,19%.
Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған. Барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылды.
Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.