Назарбаев Талғар қаласының әкімі болғысы келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Назарбаевты Талғар аудандық сайлау комиссиясында қала әкіміне кандидат ретінде таныстырды

Фото: Талғар ауданының әкімдігі

Алматы облысы Талғар қаласының әкімі лауазымына Сапарбек Назарбаев өзін-өзі ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талғар аудандық сайлау комиссиясында қала әкіміне кандидат Сапарбек Назарбаевты таныстырды.

«Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 1977 жылы 28 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Әмудария ауданы Мангит қаласында дүниеге келген. Қазақ. Экономист. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазіргі уақытта «Сейф-ломбард» ЖШС автоломбардты дамыту жөніндегі менеджер. Өзін-өзі ұсынушы. Талғар қаласының тұрғыны», - делінген Талғар ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.