$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға Өзбекстаннан 12,2 тонна шиені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Заң бұзушылар контрабанданы алып келу кезінде түрлі схемаларды қолданады

Қазақстанға Өзбекстаннан 12,2 тонна шиені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Жеміс-жидек контрабандасымен айналысқан топ анықталды. Қазақ шекарашылары Өзбекстаннан жеміс-жидек тасыған контрабандалық колоннаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қапланбек» кеден бекетіндегі тексеріс кезінде тасымалдаушылар заңды өрескел бұзған. Олар тасыған көкеністің атында, салмағын да өтірік көрсеткен. Декларацияда небәрі 2,5 тонна тауар көрсетілсе, іс жүзінде 12,2 тонна шиені алып өтпек болған. Дұрыс емес декларациялау фактісінен бөлек, тауардың атын да қасақана бұрмалаған. 

«Әдетте, жаз мезгілінде Өзбекстаннан жеміс-жидек, көкөніс өнімдері мен кептірілген жемістер көптеп әкелінеді. Халықаралық сауда кезінде әкімшілік кедергілер жасамай, кедендік бақылауды жедел жүргізуді қажет етеді. Заң бұзушылар контрабанданы алып келу кезінде түрлі схемаларды қолданады. Мәселен, шиенің орнына ілеспе құжаттарда өрік деп көрсетілген. Өріктің бағасы шиеден бірнеше есе арзан екені белгілі», - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Кірістер комитетінің мәліметінше, кәсіпкерлер мұндай айла-амалға қосымша құн салығынан жалтару үшін барады. Соңғы бес айда сырттан бір мың тонна тауардың заңсыз өтіп кетпек болғаны анықталыпты.

Серіктес жаңалықтары