Үндеу республикалық телеарналар арқылы көрсетіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақстандықтарға үндеу жасайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін сағат 16.00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды», - делінген хабарламада.