Алматыда қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар қыздың муралы пайда болды

Автор: Мира Байбек

Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында пайда болған

Фото: inbusiness.kz

Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде оққа ұшып көз жұмған 4 жасар қыздың муралы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кішкентай Айкөркемнің бейнесінің жанына «Қай аға мені атқан?» деген жазу мен #qazaqkoktemi және #qandyqantar хэштегтері жазылған.

Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында, бұрын Назарбаевтың кескіні тұрған қабырғада пайда болған.

Алайда бірнеше сағат өткен соң кішкентай қыз бейнеленген мурал қайта өшірілді.

Айта кетсек, 4 жастағы Айкөркем 7 қаңтарда аға-әпкелерімен бірге ашық дүкен іздеп жүргенде, қала орталығында оққа ұшып қаза тапқан болатын