$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында зиянкестер жайлаған алқап көлемі өсіп барады

Егіс алқаптарын зиянкестерден тазалау жұмыстары басталды

Атырау облысында зиянкестер жайлаған алқап көлемі өсіп барады
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының Махамбет ауданында «шалғын көбелегенің» жұлдыз құрты жайлаған алқап көлемі өсіп барады. Бұған дейін осы ауданның 1500 гектар жайылымынан зиянкестер байқалған болатын. 2 маусым күнгі кешкісін жүргізген бақылау нәтижесінде Махамбет ауданынан тағы да 420 гектар жерге залал келгені анықталды. Әзірге егіс алқаптары аман, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Дегенмен кешелі бері егіс алқаптарын зиянкестерден тазалау жұмыстары басталды. Оны шаруашылықтар өз күштерімен жүргізіп жатыр. Қалыптасқан ахуалға байланысты мамандар облыстың барлық аудандарын зерттеуге кірісті. 

"Мұнан бөлек Құрманғазы ауданында 100 гектар, және Индер ауданында 10 гектар қазір анықталып отыр. Бірақ бұл жерлердегі құрттар зияндылықтың экономикалық шегінен асқан жоқ. Сондықтан да ол жерлерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Жалпы алдағы уақытта әлі де жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін  Сондықтан да зерттеу жұмыстары тоқатусыз жүргізіліп жатыр", – деді «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар» әдістемелік орталығы рмм облыстық филиалының басшысы Хамидолла Дәулетқалиев. 

Серіктес жаңалықтары