Қазақстандық боксшы әлемнің ең беделді рейтингіне енді
Қазақстандық Василий Жиров рейтингте 12-орынға тұрақтады
Шетелдік At-the-buzzer.com сайты бокс тарихы бойынша бірінші ауыр салмақтағы ең үздік боксшылардың рейтингін жасап, оған қазақстандық Василий Жировты қосты, деп жазады Sports.kz.
Қазақстандық Василий Жиров рейтингте 12-орынға тұрақтады. Тізімді америкалық Эвандер Холифилд бастады.
«Василий Жиров –кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін1997 жылы 18 қаңтарда, ал соңғы жекпе-жегін 2009 жылдың 17 қазанында өткізген қазақстандық боксшы. Ол кәсіпқой мансабын 38-3-1 рекорлымен және 32 нокаутпен аяқтады. Оның бойы 6 фут 2 дюйм, сол қолмен бокстасқан», - делінген БАҚ материалында.
Жиров 1996 жылғы Олимпиадада жартылай ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алды. Талайды тәнті еткен әуесқой мансабынан кейін ол жартылай ауыр салмаққа ауысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 1999 жылы IBF титулын жеңіп алды және 2003 жылы Джеймс Тониден жеңілгенге дейін бес рет титул иеленген.
Рейтингке енген боксшылардың толық тізімі мынадай:
1. Эвандер Холифилд
2. Александр Усик
3. Карлос Де Леон
4. Дэвид Хэй
5. Хуан Карлос Гомес
6. Жан-Марк Мормек
7. Дуайт Мухаммед Кави
8. Джонни Нельсон
9. Джеймс Тони
10. Анаклет Вамба
11. Марко Хук
12. Василий Жиров
13. О’Нил Белл
14. Гильермо Джонс
15. Эл Коул
16. Вирджил Хилл
17. Джефф Лэмпкин
18. Орлин Норрис
19. Магне Хавнаа
20. Карл Томпсон.