$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 500-ден астам азамат банктерден несие алуға өз-өзіне шектеу қойған

Мұндай сервис осы жылы Бірінші кредиттік бюроның сайтында қолжетімді болды

Қазақстанда 500-ден астам азамат банктерден несие алуға өз-өзіне шектеу қойған
Фото: Dribbble.com

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 500-ден астам қазақстандық өзінің кредиттік тарихына қаржы ұйымдарына кредит ресімдеу мақсатында қолжетімділікті шектеген, деп хабарлайды Azattyq Rúhy тілшісі.        

«Мұндай сервис осы жылы бірінші кредиттік бюроның сайтында қолжетімді болды. "Стоп - кредит" сервисі азаматтарға құжаттарын жоғалтқан, шетелге шыққан немесе басқа жағдайларда кредиттік алаяқтардан қорғануға көмектесу мақсатында іске қосылған. Мұндай өнімге деген қажеттілік бұрыннан пайда болды және азаматтардан келіп түскен ұсыныстарға байланысты қызметті құру мәселесі өткір болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мәжіліс депутаттарының несиелеуге ерікті түрде тыйым салуды енгізу туралы өтінішін қарап, мұндай шектеуді жүзеге асыруды қолдады»,-деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро. 

Егер сіз несие тарихыңызға несие берушілер үшін қолжетімділікті шектегіңіз келсе, ЭЦҚ, интернет және 400 теңгеңіз болса жеткілікті. Қызметке жазылудан кейін қарызға ақша беретін қаржы ұйымдары кредит беру туралы шешім қабылдау үшін несие есебін ала алмайды және несие тарихын алуға ерікті түрде тыйым салу туралы хабарламаны алады.

Бұл шектеу азаматтың қолданыстағы қарызы бар кредиттік ұйымдарға қолданылмайды екен. Ал қайта несие рәсімдегісі келген азамат БКБ сайты арқылы қызметтен бас тарта алады.

Серіктес жаңалықтары