$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған азамат қамауда отыр

Оған қатысты алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде

Өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған азамат қамауда отыр
Фото ашық дереккөзден

Өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырған азамат қамауға алынды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың жалған қызметкері Каспий теңізінің жағалауынан жер телімін беруді талап еткен.

19 мамырда Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан өз атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен Нұрбол Кәрімовтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Кәрімовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні ұсталған күдікті Ақтау қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалған болатын.

Алайда жуықта әлеуметтік желіде өзін Нұрбол Кәрімов деп таныстырған азамат тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таратылуда. Агенттік осыған қатысты мәлімедеме жасады.

"Нұрбол Кәрімов 20 мамырдан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды. Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін", - деп хабарлады сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс қиыл агенттігі.

Серіктес жаңалықтары