Аталған факт бойынша материалдар әкімшілік сотқа жолданады
Шамалған-Боралдай автожолында ВАЗ-2107 көлігі жүк пойызымен соқтығысты. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, жол апаты Қарасай ауданында 1 маусымда таңғы сағат алтыда болған.
Жеңіл көліктің 32 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, пойыз жақындап келе жатқан теміржолға шығып кеткен.
Аталған факт бойынша материалдар әкімшілік сотқа жолданады.