Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі мәлім етті
Алматы зообағындағы жапон тырнасы 31 мамырда 36 жасқа келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі мәлім етті.
Жапон тырнасы 1986 жылы туған. Жабайы табиғатта мұндай тырналар орташа есеппен 20-30 жыл өмір сүреді.
«Сіздер Алматы хайуанаттар бағындағы ең жасы үлкен тұрғындарының бірі – жапон тырнасының бар екенін білесіздер ме? Ол біздің зообағымыздың қарт тұрғындарының бірі саналады. Ғұмыр жасың ұзақ болсын, ақ тырна!», - деп жазды Алматы зообағының қызметкерлері.