Ақтөбелік жігітті тауарлық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Ақтөбелік жігітті тауарлық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбелік жігітті тауарлық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 19 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті.

 Оның айтуынша, 24 сәуірде Қонаев көшесіндегі бір сауда үйінің жанында белгісіз адам оны қорқытып, 350 мың теңге тұратын смартфонға тауарлық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

 Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазаны көзделген.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.