Атырауда қымбат нөмір иелері салық төлеуден жалтарған

Azattyq Rýhy

Мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілді

Атырауда қымбат нөмір иелері салық төлеуден жалтарған
Фото ашық дереккөзден

Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін (МТНБ) берудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу кезінде бюджетке ірі көлемде мемлекеттік бажды төлеуден жалтару фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары ұсынылған МТНБ-дан 59 тұлғадан МТНБ үшін 14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж бюджетке түспеген, 78 тұлғадан 2,7 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік баж жеткіліксіз төленген, ал 52 қызмет алушы жалпы сомасы 14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды», - деді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Есқали Саламатов.

Осылайша, 2019-2021 жылдар кезеңіндегі мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілді.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.