$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам қаза тапты

Жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам көз жұмды. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шемонаиха ауданының орталығындағы Вокзальная көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінің маңында Toyota автокөлігі жыраға құлап, аударылып қалған. Оның ішінде Половинка ауылындағы ОВ 156/6 мекемесінің төрт қызметкері болған.

«Мекеме қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта жол апатына ұшырады. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан артқы орындықтағы 31 жастағы жолаушы қаза болды. Жарақат алған үш адам Шемонаиха орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. Департамент басшылығы мен ұжымы, Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер кеңесі марқұмның отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

 

 

Серіктес жаңалықтары