$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды

Қозғалыс кестесінің үзілуі 28 минутқа созылды

Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды
Фото ашық дереккөзден

Алматы метросында пойыздың не үшін тоқтап қалғаны белгілі болды. Бұл туралы  «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, бүгін Алмалы мен Абай стансалары аралығында пойыздың өрт дабыл жүйесі іске қосылған.

«Машинист көрсеткіштердің дұрыс қосылмағанына көз жеткізіп, қосалқы поезды талап етті. Соның көмегімен пойыз Абай стансасына жеткізіліп, кейін электродепоға шығарылды. Қазіргі уақытта жабдық іске қосылды, пойыз жарамды күйде. Техникалық байқау мен сынақтардан өткен соң желіге жіберіледі»,- делінген хабарламада.

Қозғалыс кестесінің үзілуі 28 минутқа созылды. Сағат 18:00-де пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді.

Бұған дейін Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалғаны хабарланған.

Ол кезде «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі: «Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде»,- деп хабарлаған еді.

 

 

Серіктес жаңалықтары