Австриядағы мұздықтар түгел еріп кетуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Кейінгі жылдары Анкогель тауларында бетін қорғап тұратын қар қабаты тез еріп, қалыңдығы екі есе жұқарған

Фото: ашық дереккөзден

Осы ғасырдың соңына таман Австриядағы мұздықтар еріп кетуі мүмкін. БҰҰ-ның өкілдері осындай болжам жасап отыр, деп хабарлады "Хабар24". 

Олар жергілікті Анкогель тауларын мысалға келтіреді. Кейінгі жылдары онда мұз бетін қорғап тұратын қар қабаты тез еріп, қалыңдығы екі есе жұқарған. Мамандар бәріне климаттың өзгеруі себеп екенін айтады. Олар атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын күрт азайтқан күннің өзінде де жағдайдың жақсаруы екіталай дейді. 

Сарапшылар егер болжамдар расталып, мұздықтар еріп кетсе, онда жергілікті өзен-көлдерде су қалмайтынын айтады. Салдарынан су электр станцияларының жұмысы тек жауын-шашынға тәуелді болып қалады.