Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады
Петропавлда 17 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлап қайтыс болды. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Петропавлда 30 мамыр сағат таңғы 5.00 шамасында болған. Полицияға облыс орталығындағы Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12-қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 17 жасар бойжеткен оқиға орнында қаза тапты.
«Петропавлда 17 жастағы қала тұрғынының суицид жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталатын болады», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.