Петропавл әуежайы тағы да сатуға шығарылды

Azattyq Rýhy

Үшінші конкурсқа әуежай мүлкі бастапқы құны бойынша қойылады

Петропавл әуежайы тағы да сатуға шығарылды
Фото ашық дереккөзден

Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сауда-саттыққа шығарылады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қалаға жасаған жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үшінші конкурсқа әуежай мүлкі бастапқы құны бойынша қойылады.

"Екі байқау өтті. Ешкім сауда-саттыққа шыққан жоқ. Сондықтан біз бұрынғы 5,6 млрд теңге бағасын қайта қоямыз. Төмендетпейміз. Тағы бір байқау жариялануы мүмкін", - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі әуежайды қамтамасыз етуге жыл сайын бюджеттен 200 млн теңгеге дейін қаржы жұмсалатынын, бұл үлкен салмақ екенін атап өтті.

"Әуежай жұмыс істейді. Бірақ авиациялық қауіпсіздік қызметі ол жерде көп нәрсе істеу керек екенін айта береді. Үлкен ұшақтар кешкі уақытта ұшып кетуі үшін қазіргі заманғы мұнай базасы қажет, бұл тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал ол инвестициялау арқылы орындалады. Онда көптеген мамандар жұмыс істеуі керек. Өкінішке орай, біз мұндай шығындарды әлі көтере алмаймыз. Бизнесті жүргізетін инвесторлар қажет. Рейстерді зерттеп, халықаралық авиакомпанияларға шығып, тасымалдаушылармен келісіп, ұшақтарға жанармай құю – бұл тұтас бір процесс. Әкімдік мұнымен айналыса алмайды", - деді әкім.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.