Ол қазіргі уақытта үйінде ем қабылдап жатқан көрінеді
ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2 ай мерзімге қамауға алынды деген ақпарат тарады. Алайда мұны бұрынғы Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Елорданың тергеу соты бұрынғы мәдениет және спорт министрін 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарғаны жөнінде ақпарат телеграмм-арналарда тараған болатын.
"Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан шығып, үйінде ем қабылдап жатыр", - дейді экс-министрдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастағанын жазған болатынбыз.