$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды

Ауданда түлектер көлік терезесінен шығып көңіл көтерген

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады. Ал Жамбыл облысының полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. ПД мәліметінше, видеодағы Тұрар Рысқұлов ауданындағы мектеп түлектерінің кортежі екені белгілі болды.

"Toyota Land Cruiser Prado, Audi 80, BMW 735, VAZ210540 және екі Toyota Самму автокөліктерінің жүргізушілеріне патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары