Таразда 12 миллион теңгенің кабель өнімдерін ұрлағандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар бір жыл бойы қаладағы зауыттан кабель ұрлап келген

фото: ru.freepik.com

Таразда 12 миллион теңгенің кабель өнімдерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараз қаласының екі тұрғыны алдын ала сөз байласып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығындағы зауыттардың бірінен мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған.

Ұрланған кабельдің метражы жалпы 240 метрдей болды, материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша  (бөтеннің мүлкін жасырын түрде аса ірі мөлшерде, қоймаға заңсыз кірумен жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Істің барлық күдікті тұлғалары ұсталып, кінәсін толық мойындаған», -  деп көрсетті Тараз қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: