Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Azattyq Rýhy

Билеттер агрегаторларда, қосымшада және лоукостердің ресми сайтында сатылымда бар

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады
Фото: ашық дереккөзден

23 маусымнан бастап FlyArystan лоукостері Нұр-Сұлтан – Бішкек жаңа бағытын ашады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбіде Airbus A320 жайлы бортында орындалатын болады.

Билеттер агрегаторларда, қосымшада және лоукостердің ресми сайтында сатылымда бар. Құны 14 900 теңгеден басталады. Оған борттағы кездейсоқ орын және салмағы бес килограмм қол жүгі қосылған.

«Қазақстанға қайтар жолда сізден Манас әуежайына ұшуға дейін 4-3,5 сағат бұрын келуіңізді сұраймыз, өйткені қазіргі уақытта онда бір ғана өткізу пункті жұмыс істейді», - деп ескертеді әуекомпания.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 мамырынан бастап Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест немесе вакциналау паспорты қажет емес.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.