$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 1,1 миллионнан астам адамның жалақысы өседі

Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің жалақысы да көтеріледі

Қазақстанда 1,1 миллионнан астам адамның жалақысы өседі
Фото: zakon.kz

Халық кірісін арттыру бағдарламасы бойынша 850 мың бюджет қызметкерінің жалақысы өседі. Барлығы 1,1 миллионнан астам жұмысшының жалақысын көтеріледі.  Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ералы Тоғжанов атап өткендей, 2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы айына 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, медицина қызметкерлерінің жалақысы 173-тен 250 мың теңгеге дейін көтеріледі.

«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің жалақысы да көтеріледі. Қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірісін арттыру жұмыстары жалғасады. Жыл соңына дейін тағы төрт кәсіпорында өндірістік қызметкерлердің жалақысы бестен 18 пайызға дейін өседі», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ ол осы жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының өндірістік персоналының 258 мыңының еңбекақысы 5-тен 48 пайызға өскенін айтты.  

 
Серіктес жаңалықтары