Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровтың шақыруына орай ресми сапармен Қырғызстанға барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қазақстан Президентін Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды» - делінген БОРТ N1 Telegram-арнасында.