$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда Президенттің тапсырмаларын іске асыру жөнінде жиын өтті

2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында Президент бірқатар тапсырмалар берген

Нұр-Сұлтанда Президенттің тапсырмаларын іске асыру жөнінде жиын өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеңеске Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ басшылары және т.б. қатысты.

Кеңес барысында М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы 29 сәуірде ҚХА-ның XXXI сессиясында берген тапсырмаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы айтқан саяси реформаларды жүзеге асыруда барлық қазақстандықтың азаматтық белсенділігін, көзделіп отырған конституциялық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып өтті, сонымен қатар этносаралық қатынастар саласын дамытудың басымдықтарын белгіледі.

Сол сияқты кеңесте Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының, «Возрождение» немістерінің, Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА Аналар кеңесінің және Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» филиалының басшылары сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар, сондай-ақ этномәдени бірлестіктерге ұсынымдар берілді.

Серіктес жаңалықтары