Сондықтан ол ешқандай жауапкершілікке тартылмайды
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жолаушы әйел мен жүргізушінің арасындағы келіспеушілік көрсетілген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
22 мамыр күні сағат 08.30 шамасында полицияның кезекші бөліміне жолаушы мен жүргізушінің арасындағы жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Даудың неден басталғаны белгісіз, алайда таксист жолаушыны діттеген жеріне жеткізіп тастаудан үзілді-кесілді бас тартады.
Желіде тараған видеода әйел жүргізушіні балағаттап, аяғымен теуіп жатқаны көрсетілген.
«59 жастағы әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сондықтан ол әкімшілік не басқа да жауапкершілікке тартылмайды. Медициналық мекемеге емделуге жіберіледі», - деп көрсетті Полиция департаменті.