Ағысы қатты және тексерілмеген орындарға шомылуға тыйым салынғанын көрсететін белгілер орнатылған
ШҚО-да шомылуға тыйым салынған жағажайлар тізімі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.
«Күн райы жылынған сайын жағажайларда демалушылар саны артып келеді. Өткен жылы орын алған барлық жазатайым оқиғалар тыйым салынған, жабдықталмаған шомылу орындарында болған. Сондықтан да биыл облыстық мәслихатының шешімімен 116 жағажайда шомылуға тыйым салынып отыр. Тексерілмеген өзендерде адам денсаулығына қауіпті, көлемі үлкен тастар, арматуралар болуы немесе өте терең шұңқырлар болуы мүмкін», - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.