Синоптиктердің болжамынша бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады
"Қазгидромет" РМК 25 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, орталық пен солтүстікте 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ, дауыл соғуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің шығысында желдің күші 15-20 м/с артады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы таулы аудандарда 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығыста екпіні 15-18 м/с құрайды.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.