24.05.2022, 22:26
Жаңалықтар
Көкшетау мектебінде қолдан жасалған жарылғыш зат залалсыздандырылды
Мектептің қоймасынан сымдары бар қаңылтыр құрылғы табылған
фото: zakon.kz
Бүгін Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық саласы бойынша меңгерушісі қоймадан жарылғыш затқа ұқсас құрылғы табылғаны туралы полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, мектептегі адамдарды толықтай эвакуациялады.
«Табылған құрылғыны техник-мамандар зерттеп, қауіпсіздік мақсатында оны оқиға орнында жоюға шешім қабылдады. Осыған байланысты барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жарылыс жасалды», – деп көрсетті Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)