Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты ҚР СІМ пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат жолдады

Фото: ашық дереккөзден

Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Айбек Смадияров заңсыз ұсталған қазақстандықтар ісіне қатысты ҚР СІМ Өзбекстанға үндеу жолдағанын жеткізді.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желілерде тараған Өзбекстан полицейлері біздің азаматтарға электрошокер қолданған видеоны көрсеңіздер, пікірлерде өзбек халқының өзі құқық қорғау органдарының әрекетін айыптап жатыр. Дегенмен, біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ол жақта ішкі тергеу басталды, полицейлер қызметінен шеттетілді. Біз бұған араласпауға тырысамыз және азаматтарымызды қорғау мәселесіне қатысты тұсын ғана қадағалаймыз», - деді Айбек Смадияров тілшілерге Үкімет отырысынан кейін.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда полицейлер Қазақстаннан барған туристерді заңсыз тоқтатып, электрошокер қолданған

Еске салсақ, Самарқандта қазақстандықтың төрт туристтің заңсыз ұсталғаны туралы, оның үшеуі қазақстандық азаматтар екенін хабарлаған болатынбыз. Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шахрух Гиёсовтің айтуынша, 21 мамырға қараған түні Самарқанд қаласы ІІБ патрульдік қызметінің қызметкерлері Мирзо Ұлықбек көшесінде туристердің жеке басын тексеру барысында қызметтік этика нормаларын өрескел бұзып, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызметтік бабын асыра пайдаланған. Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметі прокуратурамен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.