Өзбекстанда полицейлер Қазақстаннан барған туристерді заңсыз тоқтатып, электрошокер қолданған

Azattyq Rýhy

Қазір Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі осы оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр

Өзбекстанда полицейлер Қазақстаннан барған туристерді заңсыз тоқтатып, электрошокер қолданған

Самарқандта құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстаннан барған туристерді заңсыз тоқтатып, электрошокер қолданған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі осы оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Зардап шеккендердің бірінің айтуынша түнгі 03:30-да Самарқандтағы түнгі клубтардың бірінен шыққан. Туристер такси күтіп тұрғанында жандарына екі полицей келіп, құжаттарын сұрап, полиция бөлімшесіне баруын талап еткен.

«Самарқандта комменданттық сағат жүріп жатқанын айтты. Фото, видео түріндегі дәлелдемелеріміз бар. Заңға сүйеніп, неліктен тоқтатқанын сұрағанымызда жауап беруден бас тартты. Ташкентте басқа, ал Самарқандта бөлек заң жүре ме, сонда?!» - дейді зардап шеккендердің бірі.

Ол өз сөзінде сөз таластырып тұрған сәтте қосымша күш шақырылғанын, полицейлер артынша туристерге электрошокер қолданғанын айтты.

«2022 жылғы 20 мамырдан 21-іне қараған түні Самарқанд ІІБ патрульдік-күзет қызметінің мамандары түнгі уақытта қызмет атқаруға жұмылдырылған Мирзо Ұлықбек көшесіндегі туристердің жеке басын тексеру барысында кәсіби этика нормаларын өрескел бұзып, қызмет бабын және арнайы техникалық құралдарды қолдану жөніндегі өкілеттіктерін теріс пайдаланған», - деп жазды Өзбекстан ІІМ ресми өкілі Шохрух Гиясов Telegram-да.

Ол аталған факті бойынша ІІМ жеке қауіпсіздік қызметі прокуратура органдарымен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Оның қорытындысы бойынша заңды бұзған барлық қызметкерлерді, сондай-ақ олардың басшыларын жауапкершілікке тарту және қызметтен шеттету туралы мәселе қаралатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.