Қар жауады: 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі күні еліміздің басым аумағында қар жауады

Қар жауады: 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

28 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Ақмола облысында күн құбылмалы болып, қар жауады, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус аязды көрсетсе, күндіз 5-10 градус аязды болады.

Ақтөбе облысы аумағында күн құбылмалы, күндіз жауын-шашынсыз, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 7-9 градус суық болады. 

Алматы облысында да күн құбылмалы. Қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 17-22 м/с болады. Түнде ауа температурасы 2-7 градус аязды болса, күндіз -3-тен +2 градусқа дейін көтеріледі. 

Атырау облысында күн құбылмалы, күндіз қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін болады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус суық, күндіз -2 мен +3 градус аралығында болады.

Шығыс Қазақстан облысында күн құбылмалы. Қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде 3-8 градус аяз, күндіз 0-ден 5 градусқа дейін суық болады. 

Жамбыл облысында да күн құбылмалы, күндіз қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ, аздап бұрқасын болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 30 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2-ден +3 градусқа дейін көтеріледі. 

Батыс Қазақстан облысында күн құбылмалы. Күндіз қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз болады. 

Қарағанды облысының аумағында күн құбылмалы, қар, бұрқасын, тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 2-7 градус аяз болады

Қостанай облысында күн құбылмалы, қар, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, тұман түседі. Температура түнде 13-18 градус аяз, күндіз 12-17 градус аяз болады.   

Қызылорда облысында күн құбылмалы, күндіз жауын-шашын болмайды, тұман, көктайғақ сақталады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Температура түнде 1-6 градус аяз, күндіз -2-ден +3 градус болады. 

Маңғыстау облысында күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2-ден +3 градусқа дейін жылиды, күндіз 2-7 градус жылы болады.   

Павлодар облысында күн құбылмалы, қар, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Температура түнде 7-12 градус аяз, күндіз 4-9 градус аяз болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында күн құбылмалы, қар, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз, күндіз 13-18 градус аяз болады. 

Түркістан облысында күн құбылмалы, қар, бұрқасын, тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 4-9 градус аяз, күндіз -1-ден +4 градусқа дейін жылиды.

Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы, қар жауады. Ауа температурасы түнде 9-11 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.

Алматыда күн құбылмалы, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.

Шымкентте күн құбылмалы, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.