Бельгия маймыл шешегін жұқтырғандарға карантин енгізген алғашқы ел болды
ДДСҰ қазір маймыл шешегінің 92 жағдайы расталғанын мәлімдеді

Бельгия әлемде маймыл шешегін жұқтырғандарға міндетті карантин енгізген алғашқы ел болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел үкіметінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, карантин 21 күнге созылады. Бұл шешімді Бельгия үкіметі 22 мамыр күні кешке қабылдады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы бірнеше аптада еуропалық 8 ел – Бельгия, Франция, Германия, Италия, Португалия, Испания, Швеция және Ұлыбритания маймыл шешегінің анықталғаны туралы хабарлаған. Еуропалық аймақтан тыс елдерде Австралия, Канада және АҚШ-та да ауру жұқтыру деректері тіркелген.
ДДСҰ қазір маймыл шешегінің 92 жағдайы расталғанын мәлімдеді. Ұйым өкілдері карантиндік аймақта тағы 28 адамның жатқанын хабарлады.