$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодардың орталық жағажайында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пирс орнатылады

Ертіс өңірінде жазғы демалыс маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Павлодардың орталық жағажайында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пирс орнатылады
фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының әкімі қаланы аралау барысында жағалауда болып, жағажайды абаттандыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы шомылу маусымында қамыстан жасалған шатырлар, 264 төсек, 60 саңырауқұлақ тәрізді шатыр, алты киім ауыстыратын бөлме, құтқару мұнаралары, қоқыс жәшіктерінің алаңы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, арбадағы адамдар да суға шомылуы үшін өзенге түсіретін арнайы пирс орнатылады.  Пирс жиналмалы болады, жағалаудан суға дейін болат темір төсемелер, оның үстіне террассалық тақта төселеді.

«Барлығы қауіпсіз болуы керек. Табиғатымыздың ерекшелігін, Ертістің ерекшелігінің барлығын ескеруіміз керек», – деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Серіктес жаңалықтары