Шымкентте жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жарылыс болған ғимарат ішінде түрлі медициналық ерітінділер дайындалған

фото: timeskz

Шымкент қаласында перзентхана маңында болған жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Шымкент қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Полиция басқармасы жарылысқа байланысты ҚР ҚК 292 бабы 2 бөлімімен тергеу амалдарын бастады», деп көрсетті Полиция департаменті.

Естеріңізге саламыз, бүгін сағат 12.06-да Шымкент қаласында Г. Иляев көшесінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты.