21.05.2022, 14:03
Жаңалықтар
"Утильалым жыры". 23 мамырдан бастап көліктерді төмендетілген мөлшерлемемен тіркеуге болады
Шетелдік көлікті өтінім берген күннен бастап төмендетілген мөлшерлемемен тіркеуге болады
фото: www.uralskweek.kz
23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми өкілі Олжас Беркінбаев 2022 жылдың 14 мамырына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің бұған дейін утильалымы төленбеген болса, 23 мамырдан бастап жаңа төмендетілген мөлшерлемемен төлеуге болатынын айтты.
Ол үшін тек тиісті мекемеге өтініш жазу керек.
«Енді елге кірген көліктердің утильалымы кірген уақытына емес, утильалымға өтінім берген күннен бастап есептелетін болды», – деді ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген